Құдалар келді!Қарсы алып жүгір, ағайынГүл менен б - құттықтау

Құдалар келді!Қарсы алып жүгір, ағайынГүл менен б

Құдалар келді!

Қарсы алып жүгір, ағайын

Гүл менен биге ораңдар бүкіл маңайын!

Алдынан шықсын Аталар мен аналар,

Ақ қырау шалған самайын!

 

Күмбірлеп күй мен жаңғырып жаңа ән ойналсын,

Отыз күн ойын,

Қырық күн тойың тойлансын!

Жайылып жастық, иіліп төсек болайық,

Құдалар Аты байлансын!

Құтты да болсын,

қарсы алған құдаң гүлдермен,

жандар деп жатыр тәрбие көрген, үлгі өрген.

Асауды – ноқта,

Құданы құдай қосады,

Баянды болсын қызықтарыңыз бұл көрген.

 

Баянды болсын,

Бақ болып келсін келінің,

Арқалап келген бір елдің ұят, сенімін.

Ұлағатты жермен

ұластырсам деуші ең ұлымды,

түсті ме, көке, орнына бүгін көңілің.


Құда түсу » Дәстүрлі тойларға »