Құтты болсын бесігіңАртық болып   несібің - құттықтау

Құтты болсын бесігіңАртық болып   несібің

Құтты болсын бесігің

Артық болып   несібің.

Дастарханың жайылып,

Ашық болып  есігің,

Өре берсін балалар.

Дұшпандарың болмасын,

Күншілдікпен табалар.

Алпамыстай тағы да,

Ұл артынан ұл тапқын.

Жарқыраған Шолпандай,

Қыз артынан қыз тапқын.

Құтты болсын бүгінгі,

Шілдехана тойларың.

Тілектерін қабыл боп,

Орындалсын ойларың. 


Соңғы қосылған дүниелер »