Баланың көңілі жай болсын - құттықтау

Баланың көңілі жай болсын

Баланың көңілі жай болсын,

Мың жылқылы бай болсын.

Айдағаны қой болсын,

Шайнағаны май болсын!

Азын-аулақ дәулеті

Күнде өзіне той болсын.

Жұртта қалған жұрыны

Домалап келіп қой болсын!

Жұртта қалған тулағы

Тулап келіп тай болсын.


Соңғы қосылған дүниелер »