Нәрестелі болған қуанышыңыз құтты болсын!Дүниеге - құттықтау
Нәрестелі болған қуанышыңыз құтты болсын!Дүниеге
Нәрестелі болған қуанышыңыз құтты болсын!
Дүниеге шыр етіп келген алтын асықтай ұлыңыз
келешекте қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет жігіт болып өсіп,
әулетіңіздің жарқын жалғасы,
шаңырағыңыздың лайықты иесі болар ерге,
елінің арқа сүйер еңсесі биік азаматына айналуын тілейміз.
Жас сәбидің ата-анасы ретінде жұбайыңыз екеуіңізге
деннің саулығы мен жанның жылылығын,
таудан биік әкелік жүректің қамқорлығы мен
теңізден терең аналық жүректің мейірімін тілейміз.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа, құшақтарыңыз қуанышқа толсын!
Шілдехана » Дәстүрлі тойларға »