Мұсылман болдың қарағым,Кәне бері қарағын - құттықтау

Мұсылман болдың қарағым,Кәне бері қарағын

Мұсылман болдың қарағым,

Кәне бері қарағын.

Шырағын жағар ұлысың,

Ата менен ананың.

Таудай болсын талабың,

Алтын менен күмістен,

Жасалсын балық жарағың.

Көрімдігін мінеки,

Бар ма тағы қаларың?

Қой сұрасаң қой берем,

Тай сұрасаң тай берем,

Зат сұрасаң зат берем,

Ат сұрасаң ат берем.

Батырлығың байқалса,

Сауыт берем ақберен.

Мұратына жете бер,

Күннен-күнге өсе бер.

Ұзақ болып өмірің,

Өміріңнің түйінін,

ӨЗ қолыңмен  шеше бер.


Соңғы қосылған дүниелер »