Тұсауың кесілді, құлама,Тізеңді жаралап жылама - құттықтау

Тұсауың кесілді, құлама,Тізеңді жаралап жылама

Тұсауың кесілді, құлама,

Тізеңді жаралап жылама.

Құлындай құлдырап жүгірші,

Кәніки өзіңді сына да

Секірсең құздардан сүрінбе

Шыңдарға   шыққанда бүгілме.

Болаттай қабырғаң қатайып,

От ұшқын ойнасың түгіңде.

Ұзақ боп Иншалла өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің.

Жарқырап күн санап өсе бер,

Жарқылдап семсердей сенімің.


Соңғы қосылған дүниелер »