Басып жатыр бір қадам, екі қадам,Щоқты қара көзін - құттықтау

Басып жатыр бір қадам, екі қадам,Щоқты қара көзін

Басып жатыр бір қадам, екі қадам,

Щоқты қара көзінен шашыраған.

Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,

Төр іздейді тіршілік-сахнадан.

 

Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,

Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.

Қаз-қаз тұрып,

Қарыштап жүріп кетсін,

Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.

 

Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,

Құр қалмасын өмірдің сайранынан.

Шапқыласын туған жер төсінде еркін,

Жігіт болсын желі ескен айдарынан.


Соңғы қосылған дүниелер »