Оу, ағайын!Келді менің Алпысым,Өмірімнің бел беле - құттықтау
Оу, ағайын!Келді менің Алпысым,Өмірімнің бел беле
Оу, ағайын!
Келді менің Алпысым,
Өмірімнің бел белесі – талтүсім.
Кең дастархан жаяйын деп отырмын,
Шақырамын ағайынның барлығын.
Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны,
Жүрегімде талай арман маздады.
Жәй өтті дей алмаймын, ағайын,
Өмірімнің Көктемі мен Жаздары.
Сол үшін де
Бас қосайық, келіңдер,
Шарықтасын, шалқысын шат көңілдер.
О, Жаратқан,
Ел-жұртыммен сыйласып
Жүретұғын маған ұзақ
Мағыналы өмір бер!
Соңғы қосылған дүниелер »