Туған елім. тірегім/соңы - құттықтау

Туған елім. тірегім/соңы

 
Отан
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
 
 
Ту
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған! Б.Бәмішұлы
 
Елтаңба
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!
 
Әнұран
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.
 
Қазақ елі 
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
 
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
 
 Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
 
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
 
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
 
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
                                                     Шаймерген Әлдибекұлы
ҮШ БАҚЫТЫМ
 
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
 
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
 
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
 
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
 
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
                                                 Мұқағали Мақатаев
 
 
ЖАН  ДАЛА  – ЖӘННАТ  ДАЛА
 
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
 
Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.
 
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.
 
Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан  асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.
 
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.
 
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.
                                                 Күләш Ахметова
 
 
ТУҒАН  ЕЛІМ
 
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!
 
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!
 
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!
 
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
 
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
                                    Бәкір Тәжібаев
 
ЕЛ
(Тоқсан ауыз сөз)
 
Қайтесің , дос, тамағыңды құр кенеп!
Қиналғанда
Жолдас емес,
Жыр керек.
Сөздің бәрі құдіретті,
Әйтсе де
ЕЛ деген бар,
Оның орны бір бөлек!
 
Сөз дейміз ғой,
Өз сөзіме иемін.
Осы сөзден сауыт тоқып киемін.
ЖЕР дегенде
Туған ауыл шетінде
Топырағын жатып алып сүйемін.
 
Мен – домбыра,
Сөзден жонған тиегім.
Ой дегенің осы сөздің жиені.
ЕР дегенде
Атып тұрып орнымнан,
Кішірейіп,
Ақ басымды иемін!
 
Тектен –текке жазылған жоқ осы өлең!
Өлең – қымыз беру емес кесемен.
АНА десе,
Бүктеуімнен жазылып,
Жолына оның кілем болып төселем!
 
Бағасы бар,
Орыны бар әр айдың.
Мен әр айға үмітпенен қараймын
БАТЫР десе,
Зиратының басына
Құлпытас боп тұруға  ұзақ жараймын!
 
Шаттық емес,
Жаныңды жер уайыммын.
Бүйіріңе балта тиген қайыңмын.
АҚЫН десе,
Нөкері боп дарынның
Шашбауын, дос, көтеруге жараймын.
 
О, Ағайын, ажыраспа!
Ұйысқан!
Тымық,
Тынық тірлігі бол мүйістің!
КӨСЕМ десе,
Тосып мына кеудемді,
Оққағары болуға оның тиіспін!
 
Қайтесің ,дос, тамағыңды құр кенеп!
Қиналғанда
Жолдас емес,
Жыр керек.
Сөздің бәрі құдіретті,
Әйтсе де
ЕЛ деген бар,
Оның орны бір бөлек!
 
Сайран далам!
Қайран далам – кенішім!
Қақпақылдай қаға аласың мені шын.
Кемеңгердің
Даналардың өзі де
Көп ұлының бірі ғана Ел үшін!
                                                       Қадыр Мырза Әли
 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚҰРДАСЫМ!...
 
Тарих –кесіп кіндігін,
Халық – ашқан түндігін:
ТӘУЕЛСІЗДІК-
Құрдасым,
Біз – төліміз бір күннің....
 
Жалғап нұрлы жолды алға,
Болам елге қорған да:
Еркіндікпен –
Егізбін,
Он жастамын,
Ол да – онда!...
 
Атам менің желпініп:
«Ер жігіттің – серті нық!...
Құрдасыңа сай болып,
Көрсет, - дейді, - өр қылық!...»
 
Биік болса мақсатты ой,
Құрдас... деген жақсы –ақ қой!
Асып –тасып кей –кейде,
Кеткім келер бастап той!...
 
Асқақтату ізгі әнді,
Өрлік дер ем бұл дағы:
Өйткені өмір – Ұлы той,
Тарқамайтын думанды...
 
Бойкүйездік жат маған,
Елім еркін,
Шат заман!...
Мен: Әлемге –
ТӘУЕЛСІЗ,
ҚАЗАҚПЫН, - деп мақтанам!...
                                         Өтепберген Ақыпбекұлы
 
 
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН, ЖАЙСАҢ ХАЛҚЫМ!
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!
 
Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.
 
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
 
Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.
 
Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?
 
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
                                              Ж. Ақылбайұлы
 
 
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.
 
Отан- тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан- өлең, Отан- жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
 
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
                                    Б. Ысқақов
 
ҚАЗАҒЫМ – ЕЛІМ
 
Талайлы тағдыр, тәнтімін саған,
Осындай Отан сыйладың маған.
Осында туып, осында өскен
Әулие әжем, баһадүр бабам.
 
Жәннаттан артық ғажабым менің –
Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім.
 
Дариядай тасыр дәулетің ертең,
Шұғыладай жайнар сәулетің көркем....
Тебіренте жүрек терімді төгем,
Болардай ырза әулетің ертең!
 
Жәннаттан артық ғажабым менің –
Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім!
                                                М. Әлімбай
 
Тілім – қазақ, тегім – түрік, ислам– дінім, иманым,
 Ұлт едім мен ұлы едім, құл бол деп жат қинады....
 Жоңғарға да, шүршітке де дес бермеп ем, орыстың,
 Құшағына еніп кеттім, жел сөзіне иланып.
 
«Тілім – шұбар, тегім –күмән, имансызбын , дінсізбін,
Өз - өзімді алдарқаттым», - дедім, - елге мұңсызбын,
Халқымды да, салтымды да дайын болдым сатуға,
Жерім тозды, елім азды, күні осы ғой құнсыздың.
 
Өзегімде өкініш бар, баққа қалдым жарымай,
Өзімді  өзім сыртқа тептім, қасиетімді танымай.
Хан Абылай ұмыт қалды, Қабанбай мен Бөгенбай,
Отаршылға оқ боп тиген Кенесары , Ағыбай.
 
Төл тарихтан бейхабармын, айтуға оны арландым,
Ажыратпай ғасыр озды, ақиқат пен жалғанды,
Көзайым боп таптым қайта  Ахаң, Жахаң, Жүсіпбек,
Шер көңілді Шәкәрім мен ұлы ақын Мағжанды.
 
Кіл қаймағын қалқып алған, көк жасығын қалдырып,
 Отызыншы жылғы ойраннан қауым қалды мәңгіріп.
Арманда өткен Бейімбеттің, Ілиястың, Сәкеннің,
Тым болмаса жатқан жерін табармыз деп жанды үміт. 
 
Желтоқсанда еркіндігін мұрат тұтқан халықтың,
Жалын жастар, ерлік жолы жалғасқанын таныттың.
Қайрат сынды қайраттанған бауырларым мәңгілік. 
Рух көтеріп тұрып қалды тұғырында даңқтың. 
 
                                                                                Ж. Игіман                                                              
 
 Қосымша 2
Даналардан шыққан сөз
 
Атадан жақсы ұл туса,                           
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады.
                                Қазыбек би.
 
Алтын ұяң -  Отан қымбат,
Құт береке – атаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Мейірімді – анаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
                                        Төле би
 
Туған жердей жер болмас,
 Туған елдей ел болмас.
                                     Әйтеке би
 
Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.
                                                           Ғабит Мүсірепов
 
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан – мекенің
                                   М. Мақатаев
 
     Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп ер қайратыңа мін- дағы өрге бас.
                                                                    Мұхтар Әуезов
 
        Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты бізде өлшеуге болмайды.
                                                                                Баубек Бұлқышев
 
        Отан – өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.
                                                                 Ахмет Байтұрсынұлы
 
       Отан – адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы тіл, мәдениет, тұрмыс- салт, әдет –ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.
                                                                    Бауыржан Момышұлы.
         Отан – отбасынан басталады, демек өз бесігің , өз үйің.
                                                                   Бауыржан Момышұлы
         Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.
                                                       Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев
 
         Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды.
                                                                Д. Байрон.
 
         Өтелмейтін қылмыс бар: ол – Отанға опасыздық жасау.
                                                                      П.Буаст.
 
Отырар ойран болар ма,
Бір сатқын жығып бермесе ?!
                                                                   О. Сүлейменов
        
     «Отан » дегеніміз – төрт қана дыбыстан тұратын комплекс. Осыны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді
                                                                        М. Арын
 
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
                              Асанқайғы
 
Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірәда?! Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше, қадырлы өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы!                                                        М.Әуезов
 
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!                                  Қ.Аманжолов
 
 
 
  
 
         Абылай хан / Құраст. З.Тойшыбай.-Петропавловск: Астана, 2005.-477 б.
        Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. Екінші том. Романдары. – Алматы : Жібек жолы, 2003.- 312 б.
 
      Ақсақ құлан . Ертегі – фильм. Суретті – кітапша.
 
      Ақылдың кені / Құрас.Қ. Жарықбаев. – Алматы:Қазақстан,1991.-265 б.
      Ақыпбекұлы Ө. Ажарлы Астана : Балаларға базарлық - өлеңдер / Ө. Ақыпбекұлы.- Астана : Елорда, 2002.- 120 б.
 
      Алтын сырнай . Ертегілер / Құрастырып, тәржімалаған Ғ.Доскенов. – Алматы: Өнер, 1992.- 96 б.
 
      Асылов Ұ. Әдеп: инабаттылық дәрістері : 10-11 сыныптарға арналған оқу құралы / Ұ. Асылов . – Алматы : Рауан, 1998.- 272 б.
 
      Атамекен сиқырлы елінің аңыздары = Легенды волшебной страны Атамекен.- Шымкент: Шикула и К, 2004.- 160 б.
 
      Ауыл кеші көңілді: Халық әндері / Құраст.: Х.Тілемісов. – Алматы : Қайнар, 1985. – 566 б.
 
     Ахметов С. Қуыр –қуыр, қуырмаш: Балалар ойындары / С.Ахметов. – Алматы: Өнер, 1993. – 127 б.
 
      Әбділдаұлы О. Шапағат: Жол –жоралғы жырлары / О. Әбділдаұлы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 112 б.
 
       Әлдибекұлы Ш. Тағы бір таң атты / Ш.Әлдибекұлы. – Алматы : Санат, 2002. –160 б.
 
      Әлімбай М. Отанның орны – жүректе: Туған Қазақстан туралы толғамды ойлар. Эссе / М.Әлімбай.- Алматы, 2000. – 153 б.
 
     Әлімқұлов Н.  Барабаншы қоян. Өлеңдер.- Алматы:Жазушы,1975.-61б.
 
     Ән жәрмеңке = Песни народов Казахстана / Құрас.: Р.Р. Рустамова. – Алматы: Жеті жарғы, 1995.- 672б.
 
     Байғабылова Қ. Киіз үй / Қ. Байғабылова ; Сурет. А.Краус.- Алматы : Аруна LTd , 2001.- 11б.
 
      Байпақов К.Ұлы жібек жолы.- Алматы : Аруна, 2003.- 11б.
 
     Балтық жағалауындағы халықтардың ертегілері.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас.,1956.-217б.
 
     Бейсенова Ә.С. Қазақстанның географиялық атласы.- Алматы: Глобус,2003.-64 б.,илл.
 
      Вэсамахта бэхагэха. Методическое и практическое пособие.- Иерусалим : Джойнт,2002.-428с.
 
     Дәуренбеков Ж. Менің Қазақстаным = My Kazakhstan / Ж.Дәуренбеков. – Алматы: Ана тілі, 2001. – 39 б.
 
     Досжан Д. Түркістан.- Алматы: Аруна, 2001.-11б.
 
     Ежелгі Қазақстан : Қазақстан балалар энциклопедиясы.- Алматы: Аруна, 2002.- 224 б.,илл.
 
      Елшібеков Ж. Сен білесің бе? .- Алматы : Жалын , 1981.- 224 б.
 
     Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан : балаларға арналған энциклопедия / О. Жанайдаров. – Алматы. Балауса, 2003.- 160 б.
 
     Жеңімпаздар. Ұлы Отан соғысына қатынасқан Қазақстан жазушыларының естелік әңгімелері./ Құрастырған Ж.Тілеков.- Алматы: Жазушы, 1956.- 500б.
 
      Жұмаділов Қ. Атамекен: Роман.- Алматы: Жалын, 1985.- 344б.
 
     Жұмаханов Т. Алтын Орда: Қазақ хандығы (Iбөлім):Қазақстан балалар энциклопедиясы.- Алматы: Аруна, 2004.- 224б.,сур.
 
     Жүздесу: Жас жазушылардың таңдамалы әңгімелер жинағы.- Алматы: Жалын, 1979.-432б.
 
     Жүнісов А. Бабалар дәстүрі : Қазақтың байырғы тұрмыс –салт ғұрыптары / А.Жүнісов ; Өңдеп баспаға әзірлеген Т.Сәукетаев Р.- Алматы, 1994. – 78 б.
 
      Жүсіп Қ. Таңғажайып Бейбарыс.-Алматы:Арыс, 2000.-73 б.
     Зымыран құс: Ертегілер/ Ауд. М.Әлімбаев, С.Өмішева.- Алматы: Жалын, 1986.- 192б.
 
     Иманбаев Т. Демалыс сағатында.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас.,1957.-107 б.
 
     Иманбаев Т. Ойлан, тап.- Алматы: Қазақстан, 1992.-128б.
 
     Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт –дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары / С.Кенжеахметұлы . – Алматы : Ана тілі, 1994. – 79 б.
 
    Қазақ жұмбақтары . – Алматы : Ана тілі, 1993. – 112 б.
 
    Қазақстан / Текстің авторы К. Серікбаева : Фото суреттің авторы Д. Замурович : Қазақшаға ауд. А. Сейдімбек.- Алматы, 1995.- 288 б: сур.
 
     Қазақстан елімен сиқырлы саяхат = Волшебное путешествие по стране Казахстан : Әр түрлі жастағы балаларға арналады. – Шымкент: Шикула и К, 2003. – 192 Б.
 
        Қазақстан Республикасы: Ақпараттық төлқұжат.-Алматы, Жеті ЖАРҒЫ, 1998.-110 Б.
        Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштер Жиынтығы. Жамбыл облысы.- Алматы: РМК ММЕ ҒЗЖИ,2002.-364б., карталар,ил.
 
     Қазақстан халықтарының ертегілері./Құрас.: аудар. Т.Жанаев, Б.Ахметов.- Алматы: Жалын,1996.-256 б.
 
     Қазақтар = Казахи : Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық / Құрас.: Е. Әбен т.б.- Алматы : IDK – TIPO . Т.4: Асыл сөз. – 1998 . – 367 б.
 
    Қазақтың мақал – мәтелдері / Құрас.: А.Т. Смайлова. – Алматы : Көшпенділер, 2002. – 312 б.
 
    Қалиев С. Қазақ халқының салт – дәстүрлері : Орта мектептің 8-9 сыныпқа арналған оқу құралы / С. Қалиев. М. Оразаев, М. Смайылова. – Алматы : Рауан, 1994. – 222 б.
 
   Қасиманов С. Сиқырлы сыбызғы. Аңыз, ертегілер.- Алматы: Қазмемкөремәдеббас,1961.-58б.
 
   Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным : 3 сыныпқа арналған оқу құралы.-  Алматы: Өнер, 1997.- 48 б: суретті.
 
  Құрманғали Қ. Қоңыр күз күмбірі.- Алматы: Санат, 2002.-472 б.
 
  Қыдырбекұлы Б.Алатау. Роман.2 кітап.-Алматы: Жазушы,1991.-544б.
 
    Мақатаев М. Шығармаларының төрт томдық толық жинағы./ М. Мақатаев. Құрас.: Л. Әзімжанқызы, О. Асқар. – Алматы : Жалын. Т.3.: Өлеңдер мен поэмалары. – Алматы.- 2002.- 431 б.
 
    Матжан К. Ұлттық киімдер / К. Матжан: Сурет. А.Краус. – Алматы : Аруна LTd, 2001.- 11б.
 
    Матжанов К. Қазақтың үй жиһаздары / К. Матжанов : Сурет. Н. Тихонова . – Алматы : Аруна LTd, 2002. –11 б.
 
    Мәуленов С. Шығармалар жинағы : 3 томдық / С. Мәуленов. – Алматы: Жазушы , 1984 Т.3.: Өлеңдер (1968- 1975). – 1984. –486 б.
 
 
    Мереке / Құрас.: Б. Аманшин. – Алматы : Жазушы, 1980. – 232 б.
 
    Молдағалиев Ж. Шығармалар жинағы : 3- томдық / Ж. Молдағалиев.- Алматы :Жазушы Т.1,2: 1981 – 438 б.
 
    Молдағалиев Т. Сағындырған көктемдер : Өлеңдер жинағы / Т. Молдағалиев . – Алматы : Санат, 2001. – 260 б.
 
    Момышұлы Б. Москва үшін шайқас. Роман.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас.,1964.-404б.
 
    Мүсірепов Ғ. Қазақ солдаты. Роман.- Алматы: Жазушы,1967.-368 б.
 
    Мырза Әли Қадыр. Алаштың арманы : Жыр жинағы / Ә. Мырза . – Алматы : Санат, 2001. – 256 б.
 
   Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде.-Алматы: Атамұра, 2005.- 192 б.
   Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.- Алматы: Атамұра,2003.-240б.
 
    Назарбаев Н.Ә. Туған елім – тірегім / Н. Назарбаев : Құрас.: М. Қасымбеков. – Алматы : Рауан , 2001. – 127 б.
 
 
 
    Нұртазина Р.Б. Наурыз / Р. Нұртазина , Л.Асқар; Сурет. В. Пак. – Алматы: Аруна LTd , 2001. – 9 б.
 
    Ораз Н.Талқандалған тарихат.- Астана: Фолиант, 2003.-488б.
 
    Рыскелдиев Т. Ұлы көш. Роман. Екінші кітап.- Астана: Елорда,2003.-328 б.
 
     Салықов К. Жезкиік : Өлеңдер / К. Салықов . – Алматы: Атамұра, 2003. – 216 б.
 
      Сенің өмірің – сиқырлы әлем = Твоя жизнь – волшебный мир: Әр түрлі жастағы балаларға арналады.- Шымкент: Шикула, 2004. – 256 б.
 
      Сөз атасы : Мақал –мәтелдер мен қанатты сөздер. – Алматы: Жазушы, 1987. – 208 б.
 
      Сматаев С. Елім –ай. Роман- трилогия.2-кітап.- Астана: Фолиант, 2003.-424 б.
 
      Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа: Повестер.- Алматы: Жазушы,2001.-208 б.
 
      Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы : Оқу құралы / Ә.Табылдиев. – Алматы : Санат, 2001.- 320 б.
 
      Тоғыз құйрықты ақ түлкі: Ертегілер/ Құрастырып, аударған Ғ.Доскенов.- Алматы: Өнер,1991.-272 б.
 
      Тоқтабаев А. Қазақстанның Астаналары.- Алматы: Аруна, 2002.-11б.
      Тоқтабаев А. Қазақтың ежелгі қалалары.-Алматы: Аруна,2 002.-11 б.
 
      Толғанбаев А.Қатал тағдыр тәлкегі/ Әдеби жазып өңдегендер- И.М.Савина, С.А.Толғанбаева.- Алматы: Ана тілі,2001.-133б.
 
      Төреханов Т. Кісенделген Дала- Степь в кандалах.Деректі тарихи роман – трагедия.- Алматы,2003.-416 б.
 
      Тұрлыбайұлы Ж. Райымбек батыр. Роман.1- кітап.- Алматы: 2004.- 456 б.
       Шаймерденов Е, Елтану әліппесі:Қазақ елінің рәміздері.- Алматы: Рауан,1998.- 158 б.
      Шаймерденов Е. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 248 б.
 
      Ысқақаов Қ.. Ақсу жер жаннаты: Роман.- Алматы: Жазушы, 1989.528 б.,портр., суретті.
 


 
       Аманқараев Г. Тәуелсіздік – туым әрі мерекем [Өлең]  // Қазақстан мұғалімі.-2002.- № 28 – 29 .- 1 б.
 
        Жақсыбаев А. «Куә болсын арымыз» // Қазақ әдебиеті.- 2001.- № 49.-3 б.
 
       Жомарт Игіман. Тәуелсіздік туралы толғау [Өлең] // Жас алаш.- 1996.- 16 желтоқсан.- 3 б.
 
       Құлмашев Ә. Қазағым [Өлең] // Қазақстан мұғалімі.- 2001.- 1 қыркүйек.- 12 б.
 
      Төреханұлы Ж. Туған жерім тұғырым // Қазақстан мұғалімі.- 2001.- 1 қыркүйек.- 9 б.
 
     Хабдулмажит А. Туған жер [Өлең] // Бастауыш мектеп. 2004.- № 3 .- 50 б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................  3б.
Айналайын, Атажұртым!: Әңгіме сағаты...............................  4-7б.
Сүйем сені, туған елім ! : Төменгі сынып оқушыларына
арналған саяхат – ойын.............................................................. 7-14б.
Менің жаңа Астанам: Мектеп жасына дейінгі балаларға
арналған   тақырыптық сабақ................................................... 14-21б.
Тілі басқа-тілегі бір...: Қазақстанда тұратын халықтар
 салт-дәстүріне арналған ауызша журнал............................... 21-25б.
Қазақстан рәміздері: Жоғары сынып оқушыларына арналған
тарихи-танымдық турнир........................................................ 26-33б.
Отан, туған жер тақырыбына арналған қазақ жазушыларының  
шығармаларынан үзінді.............................................................. 34-40б.
Сиқырлы саз аспабы: Халық ертегілері бойынша әдеби
мозаика.........................................................................................40-43б.
Ұлы Жібек жолындағы тарихи ескерткіштерге сырттай саяхат:
Орта  сынып оқушыларына арналған..................................... 43-49б.
Сен еліңнің тарихын білесің бе?: Блиц турнир...................... 49-51б.
Өткен жылдар жемісі: Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері..52б.
     Қосымша: 1. Қазақстан тақырыбына арналған өлеңдер....53-61б.
     Қосымша: 2. Даналардан шыққан сөз..................................62-63б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................ 64-69б.
 
 Құрастырғандар: Мұқашева Ш.Б., Нүсіпбекова Г. Т.
Редакторы:  Раева С.Қ.
Шығаруға жауапты: Раева С. Қ.
 
Қазақстанның С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасының ротопринтінде басылған
 
Тапсырыс №     Таралымы    дана                 Көлемі       
«    » ----------------          2005 жылы басуға берілді   
 
 
 
 
 
 
 

Тәрбие сағаттарына материалдар » Соңғы қосылған дүниелер »