Атырау облысында карантин жалғасуда

Атырау облысында ірі қара малдың арасында нодулярлы дерматиттің тарауына байланысты енгізілген карантин жалғасуда. 

Карантин екі аудан мен қаланың төңірегіндегі үш елді мекенде жарияланды. Санитарлық шаралардың арқасында індеттің тарауы тоқтап, оқшауланды.

Әзірге жақын аудандарда індетке шалдығу оқиғасы тіркелген жоқ. Малды емдеуге бюджеттен 4,5 миллион тенге бөлінді. 

khabar.kz