Қазақстан-Қырғызстан шекарасы маңында заңсыз әрекет байқалды

Қазақстан-Қырғызстан шекара маңында 15 адамнан құралған белгісіз топ ұйымдастырған ҚР Мемлекеттік шекарасын бұзу әрекеті байқалды.

12 тамыз күні кешкі сағат 20.00-де Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау қызметі кезінде «Жасөркен» заставасының шекарашылары шиыршықты қауіпсіздік тосқауларына жол салған құқық бұзушыларды байқаған. Олар заңға қайшы әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырған шекарашыларға бағынбай, қоласты құралдарын қолдана отырып, физикалық күш көрсеткен.

Шекара күзетшілері түрлі жарақат алды. Әскери борышын өтеушілердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмес үшін жоғары ескерту оғын атып, құқық бұзушылардың тарапынан шекарашылар талабына бағынуға ешқандай әрекет танытылмағаннан кейін шабуылшыларға қару қолданылды. Нәтижесінде олардың біреуі жараланып, қалғандары жасырынып қалды. Кейін белгілі болғандай жараланған адам қаза болған. Қазіргі уақытта шабуылшылардың тұлғасын анықтау және оларды іздеу шаралары жүріп жатыр.12 тамыз күні кешкі сағат 20.00-де Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау қызметі кезінде «Жасөркен» заставасының шекарашылары шиыршықты қауіпсіздік тосқауларына жол салған құқық бұзушыларды байқаған. Олар заңға қайшы әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырған шекарашыларға бағынбай, қоласты құралдарын қолдана отырып, физикалық күш көрсеткен.

Шекара күзетшілері түрлі жарақат алды. Әскери борышын өтеушілердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмес үшін жоғары ескерту оғын атып, құқық бұзушылардың тарапынан шекарашылар талабына бағынуға ешқандай әрекет танытылмағаннан кейін шабуылшыларға қару қолданылды. Нәтижесінде олардың біреуі жараланып, қалғандары жасырынып қалды. Кейін белгілі болғандай жараланған адам қаза болған. Қазіргі уақытта шабуылшылардың тұлғасын анықтау және оларды іздеу шаралары жүріп жатыр.

khabar.kz