Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде  жаңбыр жауады, найзағай болады. 

Түнде және таңертең шығыста және орталықтың кей жерлерінде үсік күтіледі, тұман болады. Кей жерлерінде жел күшейеді. 

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.  

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында, таңертең және күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

khabar.kz