US Open: Ярослава Шведова үшінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open турнирінің жекелей сынында үшінші айналымына өтті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

Екінші айналымның матчында Шведова 6:0, 6:1 есебімен қытайлық Ван Цянды ұтты. 

Отандасымыз келесі айналымда австралиялық Саманта Стосурды 6:3, 6:3 есебімен қапы қалдырған Чжан Шуаймен кездеседі деп күтілуде. 

khabar.kz