Шұбаттан құнарлы тағам түрлері шығарылуда

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында қымыран өндірісі қолға алынды. Демек, ұлттық сусынның бұл түрін ұзақ уақытқа сақтап, тасымалдап сатудың жолы табылды.

Қуантарлығы, өңірде түйе сүтін қабылдап, оны қайта өңдейтін ауыл шаруашылығы кооперативтері көптеп құрылуда. 

Ал жергілікті ғалым Мұсатіллә Тоқанов шипалы сусын қан-тамыр аурулары мен қант диабетін емдеуде пайдалы екенін дәлелдеді. Ол түйе сүтіндегі дәрумендерді инновациялық жолмен алу әдісін ойлап тапты. 

Созақ ауданындағы шаруалар Ойсылқара тұқымын көбейтуге мықтап кіріскен. Ауданда 10 мыңнан аса түйе бар. Оның сүті қымыранның емдік қасиеті мол. Шипалы сусын өндірістік кооперативтерге жеткізіліп, осында өңдеуден өткізіледі. Сөйтіп шұбат дайындалады. 

Қамар Нарымбетова, технолог:

-Алып келген сүттерді біз мына қазанға құйып алып, 65 градусқа көтереміз. Оның майлылығын езу үшін гумаганизатормен өткіземіз. Суыған сүтке ашытқылар қосып, 10-12 сағатқа қоямыз.

Шағын кәсіпорында күніне 1 тонна сүт өндіріледі. Келешекте бұл көрсеткішті 5 тоннаға жеткізу жоспарда. Қазір мұнда қымыраннан бөлек айран, кілегей, құрт, жент секілді сиыр сүтінен де түрлі өнімдер шығарылып жатыр. 

Жанболат Әбдішев, өндірістік кооперативтің төрағасы:

-Үкіметтен қолдау болып жатса, ары қарай тағы шығаратын сүт өнімдері бар.

Ал Шымкенттік ғалым Мұсатіллә Тоқанов: «Түйенің сүті қан-тамыр аурулары мен қант диабетіне мыңда бір шипа», – дейді. 

Мұсатіллә Тоқанов, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, патент авторы:

-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінде қант диабетімен ауырған адамдар инфаркт, инсульттен 5 есе өлім-жітімге кетеді екен. Сол үшін біз осы кластерлік жұмыстар жасағанда 8 авторлық жұмысты ойлап тапқанмын. Соның ішінде екеуі маңызды. Ол – лактоферрин алу. Ал түйенің сүтінде лактоферрин сондай құрамда екен. 

Түйе сүтінде сиыр сүтімен салыстырғанда С дәрумені  5 есе, темір 2 есе, ал лактоферрин 30 есе көп екен. Мұны дәлелдеген Мұсатіллә Тоқанұлы шұбаттың құрамындағы емдік қасиеті көп дәрумендерді алудың инновациялық әдісін ойлап тапқан. Қымыраннан ұнтақ пен сол ұнтақтың сығымдалған түрін шығарып, оған патент алған.  

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

khabar.kz