Өңір өмірі: Елімізде ұрлық көрсеткіші 8 пайызға өскен

Теріскейде майлы дақыл алқаптары 30 пайызға ұлғайды. Көктемгі дала жұмыстары басталды. Биыл 4 млн 200 мың гектар жерге дән себілмек. Егіске су тасқыны кедергі емес. Дала төсіне 30 мың тегеурінді техника шығарылды. Ішінде Петропавлда құрастырылғандары да бар. Шаруалар жанармай және тұқыммен толық қамтылған.

Маңғыстау өңірі Батыр ауылындағы №10 мектеп гүл өсіруден көш басында. Білім ошағында 4 мыңдай бөлме гүлі бар. Мектеп дәлізі, кабинеттер, кітапхана, асхана, баспалдақтардың бойы 148 түрлі гүлмен көмкерілген. Жақында «Табиғатпен үндес мектеп» байқауының жеңімпазы атанды. Енді гүлдердің саны миллионға жеткізілмек.   

Елімізде соңғы 25 жылда ұрлық көрсеткіші 8 пайызға өскен. Заңбұзушылықтың бұл түрі жасалған қылмыстардың жартысынан көбін құрайды. Келеңсіздікке тосқауыл қою үшін сауда орындары мен автотұрақтар тексерілді. Құжатсыз, есепке алынбаған 246 малды тасыған 30 көлік иесі анықталды.

Қызылордада бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Қолға түскен екі күдікті де – 19 жастағы қала тұрғындары. Олар иесіз қалған үйлерге терезеден кіріп, бағалы бұйымдар мен ақшаны қолды қылған. Полицейлер қылмыстық топтың 13 пәтер ұрлығына қатысы барын анықтады. Жалпы шығын – 2 миллион теңгедей.

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі мәресіне жетті. Еліміздің 14 облысы, Астана мен Алматы қалаларынан 600-дей спортшы қатысты. Теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ және көкпарда өзара мықтылар анықталды. Бәйгенің 4 түрі бойынша Жамбыл, ШҚО мен Алматының сәйгүліктері алдына қара салмады. 

khabar.kz