Биыл елімізде жиналатын дәнді-дақылдар көлемі біршама азаяды

Мұндай мәліметті астық жөніндегі халықаралық кеңес келтірді. Оған бірнеше жағдай себеп. 

Қазақстан биыл 15 миллион гектар алқапқа астық егеді. Оның ішінде 12 миллион гектарына бидай себілмек. Ол былтырмен салыстырғанда 360 мың гектарға аз егіледі. Оның орнына сұранысы жоғары майлы дақылдардарға, қант қызылшасына басымдық беріледі. Бұл – агроөнеркісіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан әртараптандыру саясаты. Енді бидайды тереңдетіп өңдеуге бет бұрды. Былтыр елімізде 20,6 миллион тонна дәнді дақыл жиналған. Оның 15 миллион тоннасы бидай болатын. 

Қазақстан болса жылына 10 миллион тонна бидай тұтынады. Ішкі сұранысты қалай болғанда толық қанағаттандыра алады. Астық көлемін азайтуға жазға жасалған болжам да себеп.

Әкпар Мәуленов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаменті директорының орынбасары:

-«Казгидрометтің» маусым, шілде айына беріп жатқан ауа райы болжамы бойынша қуаңшылық күтілуде. Сондықтан да биылғы жылғы астық көлемі былтырғы деңгейдей болмайды. Одан аз болады деген болжам бар.

khabar.kz