Су мен жылуды есептеу әдістемесін өзгерту қажет

Астаналық бизнесмендер осындай бастама көтерді. Ұсыныстарын қалалық кәсіпкерлер палатасы қолдады. Олар жергілікті монополистерді артық айыппұл салады деп айыптауда. Екінші жақтың да өз айтары бар.

Кәсіпкер Жұлдыз Кәкенов: «Пломба үзілгені үшін 28 млн теңге айыппұл салуды ақылға сиымсыз», – дейді. Бизнесмен айына су үшін 150-200 мың теңге төлейді, ал айыппұл айлық тарифтен 140 есеге артық. Шарасы қалмаған кәсіпкер сотқа жүгінуге мәжбүр болған. 

Пломба кейде өрт салдарынан немесе құрылыста, тіпті жөндеу кезінде қиылып кетуі мүмкін. Шамадан тыс айыппұлдан зәрезап болған бизнесмендер Астана қалалық кәсіпкерлер палатасына шағымданған. Тараптар: «Бар гәп су мен жылуды есептеу әдістемесінде», – десті. Кілтипанның кілті оны өзгертсе ғана шешіледі.  

Бауыржан Бейсенов, Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары:

-Қазіргі редакциядағы норма бойынша айыппұл құбырдың толық су беру қуаты бойынша есептеліп отыр. Ал біз оның көлемін бірнеше есеге азайтуды сұрамақпыз. 

Монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің өкілдері бұл ұсынысты қуаттады. «Жүз есе артық айыппұл арту кәсіпкерді қанап, жарға жыққанмен парапар», – дейді.   

Қазбек Көшеков, ТМР және бәсекелестікті қорғау департаментінің бөлім басшысы:

-Әрине, біз бұл ұсынысты қолдаймыз. Әдістемеге түзетулер мен өзгертулер енгізу қажет. Әзірге біз әр кәсіпкердің мәселесін жеке қарастырып жатырмыз.

Сөйтіп екі тарап бір пәтуаға келді, бірақ норманы өздері өзгерте алмайды. Әдістемені бекіткен – құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитеті. Ал айыппұл салатын орган «Астана су арнасы» кәсіпорнының өкілдері 2011 жылы бекітілген әдістеме бойынша жұмыс жасап отырғандарын айтады. 

Ілияс Рыспеков, «Астана су арнасы» МҚК сату қызметінің контролері:

-Біз басқаша есептей алмаймыз, айыппұлды азайтсақ, нормаға қайшы келеді. 

Аяусыз айыппұл салуға қолданыстағы әдістеме себеп делік. Бірақ пломбаны кім үзген, ол қалай дәлелденеді? Себеп-салдар, жай-жапсарды анықтамай «Астана су арнасы» неге айыппұл салады?  Бұл сауалдарға мекеменің заңгері телефон арқылы жауап берді: 

Нұрлан Сүлейменов, «Астана су арнасы» МҚК заңгері:

-Сумен қамту келісіміне сәйкес тұтынушы оған сеніп тапсырылған мүлікке жауапты. Яғни пломба шіріп кетсе де, басқа да төтенше жағдайлар кезінде оған тұтынушы жауапты. Біздің міндетіміз – заңнамаға сай айыппұл салу.   

Индира Жылқайдарова, тілші:

-Міне, мына титтей ғана жезден өрілген сымды «Астана су арнасы» орнатады. Бұл құралсыз тұтынылған судың текше метрін түгендеу мүмкін емес. «Астана су арнасы» компаниясының өкілдері: «Пломбаны қасақана жұлып, суды ұрлап тұтынатындар көп», – дейді. Ал бизнесмендер ат-тонын ала қашады. «Атамекен» мен АРЕМ қолдаған айыппұл әлі өзгертілмеген. Ал біз келтірген мысал «Аққу шортан һәм шаянның» кері болмаса игі.

Әдістемені бекіту құзіреті бар құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіндегілер былай дейді. 

Әсемгүл Турина, Құрылыс және ТКШ істері комитеті басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-«Астана су арнасы» кәсіпорнының тұтынушымен арадағы типтік келісімі бар. Сол бойынша айыппұл талап етеді. Олар әдістемені пайдаланып, айыппұл салғанымен, біздің құжатта миллиондап штраф беру жазылмаған. Ал оны өзгерту керек болып жатса, барлық тараптармен ақылдасып қарауға әзірміз. 

Ал кәсіпкерлер болса, мына жұқа сымды енді көздің қарашығындай күзетуде. 

Авторлары: Индира Жылқайдарова, Есбол Жәмшитов, Аманжол Байғазин

khabar.kz