Алматы облысында лай көшкіні жүрді

Алматы облысында лай көшкіні жүріп, жолды жауып қалды. Оқиға Талғар ауданында өткен түнде болған. 

Көлемі 50 мың текше метр топырақ Талғар тас жолы мен сол маңдағы демалыс үйін басып қалды. Сондай-ақ электр қуаты бағаналары мен телефон байланысы сымдары зақымданған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. 

Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайдың тағы да қайталануы мүмкін деген мамандар жолда аса сақ болу керектігін ескертеді.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД аға инженері:

-Қазіргі таңда аталған жерге техника жұмылдырылып, дайын тұр. Бірақ қазіргі таңда тазалау жұмыстары атқарылып жатқан жоқ. Себебі ол жердің көшу мүмкіндігі әлі де бар.

khabar.kz