Қарағандыда қатты желден көпқабатты үйдің қаптамасы құлады

Қарағандыда қатты желден көпқабатты үйдің қаптамасы құлап, аулада тұрған үш көлікті басып қалды. Абырой болғанда тұрғындар дін аман.

Жергілікті билік өкілдері бұл жағдайға пәтер иелерінің кооперативін кінәлап отыр. Ал құрылыс жүргізген мердігер компания әлдеқашан банкрот болған. Қысқасы, сапасыз құрылысқа жауап беретін жан жоқ. Бұл жаңа үйлерге қатысты алғашқы дау емес. Мұндай жағдай жылда тіркеледі. 

Енді не істеу керек? Құрылысшылар қауымдастығының басшысы: «Төлеген Әшімов оны жоюдың жалғыз жолы – құрылыстың сапасын қадағалайтын ғылыми институт құру», – дейді. 

Приканальная көшесіндегі бұл 10 қабатты үй осыдан 7 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен салынған. Содан бері тұрғындар сапасыз үйдің зардабын тартып келеді. 2014 жылы үй қаптамасы 4 жасар баланың басына құлап, миы шайқалса, бұл жолы аулада тұрған автокөліктерді басып қалды. Енді Ұлан Жұмабековке су жаңа көлігін жөндеу үшін шамемен 300 мың теңге қажет.

Ұлан Жұмабеков, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Бұл көлікті несиеге алғанмын. Әлі қарызымды өтеп біткен жоқпын. Енді бұл шығынды кімнен сұрарымды да білмеймін. Егер көліктің орнында адам болғанда не болар еді. Мынау сұмдық жағдай.

Ал мынау – «Астана» деп аталатын элиталық аудан. Бірақ құрылыс сапасы сын көтермейді. Қатты дауыл мұндағы үйлердің де қаптамасын ұшырып, екі бірдей көліктің әйнегін қиратқан. Тұрғындар балаларының үстіне құлай ма деп, үрей құшағында.

Салтанат Түсіпова, Қарағанды қаласының тұрғыны: 

-Осы мәселені көтергенімізге 7 жыл болды. Сәл дауыл тұрса қабырғасы құлай бастайды. Біз әкімшілікке де, прокуратураға да хат жаздық. Себебі бұл алғашқы жағдай емес. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ.

Ал шенеуніктер: «Бұған біз жауапты емеспіз», – дейді. Құлаған қабырғаны тұрғындар өз есебінен жөндеу керектігін айтады. Себебі көпқабатты үйді көтерген мердігер компания банкротқа кеткен. Ал үйдің кепілдік мерзімі үш жыл екен.

Салжан Балаубаев, Қарағанды қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

-Тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес, жұрт өздері тұрып жатқан үйді күтіп ұстауға, жөндеп отыруға міндетті. Бұл жерде кінәні өзгеден іздеп қажеті жоқ.

Өкінішке қарай, елімізде үй құрылысының, оған қолданылатын материалдардың сапасын қадағалайтын бірде-бір орган жоқ. Қазір баспана бағасын арзандату үшін құрылыс индустриясына жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Бірақ ол қандай технология, біздің жақтың климатына жарай ма, ол жағы ескерілмеген. «Инженерлік ізденістер ғылыми тұрғыда зерттелмейді, құрылыс материалдарының сапасы да ғылыми сараптамадан өтпейді», – дейді Қарағандыдағы құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Төлеген Әшімов.

Төлеген Әшімов, құрылысшылар қауымдастығының төрағасы:

-Жаңа технологияны кіргізген кезде оны ойластырып, институттар арқылы зерттеп кіргізу керек. Бұрын азаматтық жоба деген институт болатын. Сол институтта құжаттардың барлығы бір жерде жиналатын.

Осыған орай қауымдастық жетекшісі келешекте құрылыстағы қателіктерді жою үшін қоғамдық институт немесе кластер құруды ұсынады. Қазір құжаттарын да әзірлеп қойыпты. 

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

khabar.kz