Семей сынақ алаңының 20 шаршы шақырымы ғана мүлдем пайдалануға жарамсыз

Отандық ғалымдар ұзақ жылдар бойы еңбектенген ірі жоба қазақстандық Токамак қондырғысының жеміс беретін күні жақын екенін айтады. Қазірден термоядролық қондырғыны бірлесіп пайдалану жөнінде әлемнің 6 мемлекетінен ұсыныстар түскен.

Осы және өзге де мәселелер Курчатов қаласында басталған халықаралық семинарда жан-жақты талқыланды. Жиын еліміздің Ұлттық Ядролық Орталығының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Болат Көкенайұлы, тілші:

-Бұл жерде Елбасының Семей полигонын жабу және ҚР Ұлттық Ядролық Орталығын ашу жөніндегі Жарлықтары бекерден бекер қатар тұрған жоқ. 1992 жылдың 15-мамырында халықты 40 жыл қан қақсатқан полигонның жаңа кезең, жаңа дәуірі басталды. Бүгінде Курчатовтағы ғылыми орталық өзінің басты ұстанымы етіп «Ұлттық қасіреттен ұлттық мақтанышқа!» деген ұранды ұстанады. 

18 мың шаршы шақырымды алып жатқан Семей сынақ алаңының аумағына Израиль, Бельгия сияқты мемлекеттер емін-еркін сияды. Бүгінде оның тең жарымы зерттелген. Ғалымдар 7,5 мың шаршы шақырымның тек 20 шаршы шақырымы ғана мүлдем пайдалануға жарамсыз, 300 шаршы шақырымы өнеркәсіптік бағытта, қалғаны жан-жақты пайдалануға жарамды деген қорытындыға келген. Зерттеу жұмыстары алдағы 3-4 жылда толық аяқталмақ.

Қайрат Қадыржанов, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

-Семей полигонының жағдайын түсіну керек. Біраз нәрсені жасадық. Атом энергиясын пайдалану үшін Қазақстанның өзінің жолы болуы керек. Соның бәрі қазір зерттеліп жатыр. 

Сүбелі жаңалықтың бірі – бүгінде күллі әлем көз тігіп отырған Қазақстандық Материалтану Тогамагі. Қондырғы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі басты экспонат ретінде 9-маусым күні іске қосылады. Ал Фукусимадағы атом реакторының апатынан кейін жапондықтардың түрлі зерттеулер бойынша біздің мамандарға жүгініп, нәтижелерге қол жеткізуі орталықтың мерейін үстем етті. 

Масаки Накагава, жапониялық NDF компаниясының өкілі:

-Қазақстанның Ұлттық Ядролық Орталығымен 1993 жылдан бері тығыз қарым-қатынас орнатқанбыз. Содан бері бірнеше ғылыми жобаларды бірге жүзеге асырдық. Бүгінде бұл орталық атомды бейбіт мақсатқа пайдалану бағытында іргелі ізденістер мен сүбелі жаңалықтар ашып келеді. 

Семинар барысында Ұлттық Ядролық Орталық пен Ресейдің Энерготехника ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты арасында өзара ғылыми-техникалық әріптестік жөнінде келісімге қол қойылды. Ал қазір полигон аумағында тіршілікке жан біте бастаған. Бұған атом көлінде пайда болған балықтар мен Дегелең тауында өріп жүрген үйір-үйір арқарлар дәлел. 

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы

khabar.kz