Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар тасымалымен заңсыз шұғылданатындар көбейді

Бұрын астыртын такси көп болса, енді үлкен автобустардың саны артқан. Соның кесірінен аудан және қалааралық жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорын банкроттың аз-ақ алдында.

Соңғы 5 айда өңірдегі автобустардың 60 пайызы жолға шықпаған. 19 ауылға қоғамдық көлік қатынауын тоқтатқан. 

Ал астыртын адам таситын автобус иелері жолушылар үшін сақтандыру және жолға шығар алдында медициналық тексеруден өтпейді. Салық органдарына да тіркелмейді. Енді бұл саладағы заңсыздықты реттеу үшін құзырлы органдар бірілесіп рейд жүргізуде.

Данияр Ахметов,  облыстық автокөлік жолдары басқармасы  басшысының орынбасары:

-Біз бұл мәселені жан-жақты зерттедік. Астыртын адам тасымалдуамен шұғылданатындармен күрес енді күшейеді. Оған жол-патрульдік қызметі көлік инспекциясы мамандары да қатысады. Сондай-ақ ресми құжаты бар, жұмысы жолға қойылған автобустарды бір түске бояу жөнінде жоспарымыз бар.

khabar.kz