Ақтөбеде су қоймалары қалыпты жұмыс тәртібіне көшті

Қала маңындағы ең ірі Қарғалы және Ақтөбе су қоймаларының жапқыштары жабылды. Өңірде жағдай тұрақталып, өзендердегі су деңгейі түсті.

18 мобильді топ 62 бау-бақша ұжымын аралап, табиғи апат шығынын есептеп жүр. Су басқан үйлерді ұры-қарыдан қорғау үшін, полиция қызметі 21 блок бекетін орнатты. Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес, топырақ пен судың сынымасы алынып, зертханаға жіберілді. 

Уақытша қабылдау бекеттерінде 583 зардап шеккен адам тұрып жатыр. Оларға гуманитарлық, психологиялық көмек көрсетілуде. «Қолғанат-Ақтөбе» қорына 5 млн теңгеден астам қаражат түскен. 

Авторы: Ақсәуле Байменшина

khabar.kz