Елбасының қатысуымен EXPO-2017 көрмесіне арналған кеңес өтті

EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына тура 50 күн қалғанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іс-шараға жауапты мамандардың жиыны өтті. Елбасы алдағы халықаралық шараның ел үшін маңыздылығын атап өтіп, көрме құрылысы мен қаланың дайындық мәселесін талқыға салды.

EXPO-ның арқасында елордаға тартылған инвестиция көлемі 4,5 трлн теңгеге жетіп, тұтас елдің еңсесін тіктеуге үлесін қосты. Қалаға салынған қаржы шағын және орта бизнестің дамуына жол ашып, 19 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Қала әкімі Әсет Исекешев Астананың EXPO-ға келетін қонақтар мен туристерді қабылдауға толық дайын екенін атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыс жайына тоқталды. Өз кезегінде Елбасы ел астанасына 300 мың шетелдік қонақтардың келетінін тілге тиек етіп, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең маңызды іс-шараны ойдағыдай өткізуге шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Көрмеге 115 мемлекет, 21 халықаралық мекеме қатысайын деп отыр. 2,5 млн турист келейін деп отыр. EXPO-ның ашылуына 48-ақ күн қалды. Қазір дайындық жұмыстарының соңғы кезіндеміз. Көп шаруа бітті. Мемлекет көп қаражат шығарды. Сондықтан қалған уақыттың тығыздығына байланысты істелетін шаруалар қыруар көп әлі. Екінші жағынан қала EXPO-ның ашылуына дайын болу керек. Миллиондаған адамдарды қабылдау мәселесі, олардың барлығына қажетті жағдайды жасау, жататын, тамақ ішетін, емделетін, жүретін көлік жолы, барлығы қаланың мойынында болады. 

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі: 

-Қала 2 миллионнан астам туристі қабылдауға дайын. Оларға 35 мың орындық жатын орын әзірленді. Бізге есеп бойынша 110 мың отыратын орын керек. Қазір 850 ас ішетін орын 116 мың адамға дайын. Ас ішетін орындар толықтай дайын деп айтуға болады. Ас мәзірінде қытай, шығыс, еуропа секілді түрлі дәстүрлі  болады. Азық-түлік қоры да осы үш айда қомақты болмақ, 160 мың тонна керек. Оларды сақтайтын қоймалар да бар. Қалада түрлі мәдени іс-шаралар өтеді.

khabar.kz