Алматыда Қазақстан мен Сингапур бизнес өкілдерінің форумы өтті

2030 жылға дейін Азия-Тынық мұхиты сауда-инвестициялық аймағы ұйымына кіретін елдер Орталық Азия республикаларына 500 млрд доллар көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Алматыда басталған бизнес форум барысында Сингапур елінің өкілдері мәлімдеді.

Жалпы қазіргі кезде Азия-Тынық мұхиты сауда-инвестициялық ұйымына мүше мемлекеттерде 600 млн халық тұрады. Сингапур кәсіпкерлері Алматыда өз істерін бастап қана қоймай, 180 млн халқы бар Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіне шығуды көздейді. 

Ал Қазақстан инвесторларға тиімді жағдай жасауға әзір. Осы ретте Алматы мен Сингапур қалалары арасында іскерлік қарым-қатынасты дамыту жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. 

«Егер де инвесторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өкілдерімен келіссөздер жүргізгісі келсе, бізбен хабарласуларына болады. Біз оларға осы жерде бизнес жүйесін құруға көмектесеміз», – деді Азия-Тынық мұхиты сауда-инвестициялық палатасы қауымдастығының президенті Олжас Жиенқұлов. 

khabar.kz