«Астана Марафоны» осы жылдың ауқымды шараларының бірі болмақ

Марафонға қатысушылар мен жанкүйерлерге арналған тұрақ орындары анықталды.

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтында мәлім болды. Жексенбі күні, 4 қыркүйекте елордада «Астана Марафон» өтеді, оған 4 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Марафонда таяу және қиыр шетелдің, барлығы 23 мемлекеттің, Атап айтқанда, Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Чехия, Италия, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Австралия, Германия, Иран, Ресей, Ирландия, Бельгия, Эстония, Бразилия, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Венесуэла, Түркия, Грекия, Жапония елдерінің өкілдері бағын сынамақ.

2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Астана марафоны биылғы ауқымды шаралардың бірі болмақ. Қатысушылар 10 км, 21,1 км және 42,2 км жүгіреді. Осындай «жазық» маршруттың арқасында атлеттер өздерінің жеке рекордтарын жаңарта алады.

Қазіргі кезде 3200 адам тіркелді, соның ішінде:

42 км – 295 адам,

21 км – 579 адам,

10 км – 2310 адам,

Relay marathon – 16 адам.

Еске салайық, марафонды өткізуге байланысты 4 қыркүйекте сағат 7:30-14:00 аралығында орталық көшелерде қозғалыс тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өз бағдарларын алдын ала жоспарлауларын сұраймыз.

Сондай-ақ «Астана Марафоны» шарасына қатысушылар, жанкүйерлер мен көрермендер тұрақ сызбасымен таныса алады. 

khabar.kz