Сирия мәселесіне байланысты Астана процесі басталды

Әлемнің 25 елінен келген 400-ге жуық журналистке бұл кездесудің алғашқы сәттері осы баспасөз орталығынан көрсетіліп жатыр. Шара жабық есік жағдайында өтуде. 

Айта кетейік, ауқымды шараға қатысу үшін Түркия, Ресей, Иран Ислам Республикасынан делегаттар келді. 

Сирия үкімет мүшелері мен 15 оппозиция өкілдері де елордаға табан тіреді.

Сондай-ақ БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі де шараға қатысады. Бұл маңызды кездесудің Астанада өтуі тегін емес. 

Қазақ елі әлемге бейбітшілікті насихаттайтын бастамалары бүгінге көпке мәлім. Біз БҰҰ-ның 2017-18 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде жаһандық қауіпсіздікті сақтауды мақсат етіп отырмыз. Әрине, Сириядағы қақтығыстардың бейбіт жолмен реттелуін қалаймыз. 

Міне, әлем халқы көз тіккен Астана процесі – соның айқын дәлелі. 

Естеріңізге сала кетейік, шара ертең де жалғасады. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, келіссөздер ертең кешке дейін созылуы мүмкін.

Астана процесі бойынша толық ақпаратты сайтымыздан қарай отырыңыздар!

khabar.kz