Хэй Головкинді жеңе алатын боксшыны атады

Британиялық боксшы Дэвид Хэй орта салмақта қазақстандық Геннадий Головкинді жеңе алатын жалғыз боксшыны атады.

«Юбенк – Британиядағы ең үздік боксшылардың бірі. Ол техникалық, тактикалық тұрғыда да мықты. Орта салмақта Головкинді жеңе алатын жалғыз боксшы сол деп ойлаймын», – деді Хэй FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Британиялық кіші Крис Юбенк бірнеше рет GGG-мен жұдырықтасуға әзір екенін хабарлаған еді. Алдағы уақытта қос боксшы рингте кездесуі ықтимал.

Дереккөз: prosports.kz

khabar.kz