Көкшетауда жедел жәрдем шақырушылар екі есе көбейген

Көкшетаудың медициналық жедел жәрдем бекеті тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуге үлгере алмауда. Шақырулар былтырғыдан 2 есе көп. 

Өткен жылы осы уақытта 10 күнде жедел жәрдемге 2 мыңнан аса шақыру түссе, биыл 5 мыңдай қоңырау шалынған. 

Негізінен вирусты тұмау мен суық тию жағдайлары көп. Жыл басынан 20-дан астам адам жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтырған. 

«Екпеден бас тартатындар көп», – дейді дәрігерлер.

khabar.kz