Шымкентте ломбард сатушысына шабуыл жасалды

Шымкенттегі ломбардтардың бірінде қаруланған адам сатушыны атқан. Күдікті бетіне медициналық дәке киіп, көзілдірік таққан. 

Кассадағы сатушыға аңшылық шолақ мылтығын тақап, алтын бұйымдар мен ақша беруді талап еткен. 

Ойлағанын жүзеге асыра алмасына көзі жеткен күдікті сатушыны жарақаттап, қашып кеткен. 

Сатушы көкірек тұсынан жараланды. «Оған операция жасалды, жағдайы ауыр», – дейді дәрігерлер. 

Күдікті іздестірілуде. 

khabar.kz