АҚШ спортшылары Универсиада кезінде сессия тапсырады

АҚШ спортшылары Алматыдағы Универсиада кезінде жарыстарға қатысып қана қоймай, сессия да тапсырады. Бұл туралы Атлетикалық ауыл департаментінің жетекшісі Сәнім Шәріпова хабарлады. 

АҚШ командасы өз студенттеріне арнап қосымша сынып бөлмесін дайындауды өтінген. 

Студент спортшылар мұнда үй тапсырмасын орындап, онлайн түрде емтихан тапсырады. 

Ал канадалық команда жетекшілері өз спортшыларына бөлмені теріскей беттен беруін сұраған. Жалпы барлық нысандар спортшыларды қабылдауға әзір. 

Ақниет Жұбанышов, Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығының қызметкері

-Ғылыми қызметкерлермен қатар ағылшын тіліндегі экскурсовод қызметкері бар. Шетелдік қонақтарға ағылшын тілінде біздің ұлттық дәстүріміз, басқа да құндылықтарымыз таныстырылады.    

Алматылық оқушылар Универсиада кезінде, яғни қаңтардың 30-ы мен ақпанның 8-і аралығында демалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді. 

Каникул берудегі басты мақсат – балаларға шаһарларындағы басты спорттық оқиғаны көруге жағдай жасау. Осылайша олардың спортқа деген қызығушылықтарын ояту көзделіп отыр. 

Білім саласы қызметкерлерінің айтуынша, бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақ кестесіне әсер етпейді.

khabar.kz