Универсиада қарсаңында алматылық жастар флешмоб өткізді

Қысқы Универсиада ойындарының басталуына аз қалды. Соған орай бүгін Алматыдағы «Шымбұлақ» демалыс аймағында ел спортшыларын қолдауға арналған шара өтті. 

Флешмобқа 150-ге жуық адам қатысты. Олар «Шымбұлақ» шаңғы кешенінде «Алға Қазақстан» деп ұрандатып, Универсиадада ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі.

khabar.kz