Жамбылда химиялық зауытта сынақ сәтсіз аяқталды

Жамбыл облысындағы «Жаңа Жамбыл фосфор зауытында» апат болып, бір адам жараланды. 

Оқыс оқиға жаңа қондырғыны сынау кезінде орын алған. 

Кәсіпорын бас инженерінің айтуынша, күкірт қышқылы мен органикалық қоспаларды айыруға арналған сынақ сәтсіз аяқталған. 

Цехте апат кезінде болған тағы төрт адам аман. Қазір өндірістік сынақтан шыққан ақаудың себебі тексеріліп, тәжірибелік кешен қалпына келтірілуде. Ал күйік алған қызметкер қалалық №2 ауруханада.

Әбсамат Керімбаев, «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының» бас инженері  

-Адам шығыны болған жоқ. Директорымыздың бетіне кислота шашырап, бес процент күйіп қалды. Выброс болғаннан кейін, реакция болғаннан кейін, бір-екі терезе сынды.

Әбілсейіт Сыздықов, №2 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі

-Келіп түскендегі науқастың диагнозы термический ожог парами серной кислоты. 1-2 степени ожог лица и кисти. Бүгінге науқастың жағдайы орташа дәрежелі.

khabar.kz