Азаматтардың уақытша тіркеуге тұру шаралары жеңілдейді

Бұл туралы бүгін елордадағы бірқатар Халыққа қызмет көрсету орталығын аралаған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Сала басшысы қызметкерлердің жұмыс барысымен танысып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. 

Айта кетейік, уақытша тіркеуге тұру туралы тиісті Заң күшіне енгелі бері Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеп жатыр. 

Көп ұзамай электронды үкімет сайты арқылы онлайн тіркелу тетігі іске қосылады. Оның сыртында қажетті ақпаратты 1414 нөміріне хабарласып алуға болады. 

Дәурен Абаев алдағы күндері бұл жұмыс жүйелі жолға қойылып, ауыртпалық азаятынын айтты. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі 

-Ішкі қағаздарды қысқарту мәселесін қарап жатырмыз. Онлайн тіркеуді 2-3 аптаның ішінде бітіреміз. Мұның бәрі халыққа көмегін береді деп ойлаймын. ЦОН-дардың қызметкерлеріне алғыс айту жөн деп санаймын. Халыққа қызмет көрсету үшін жұмыс істеп жатыр. Сондықтан оларға алғыс айтамын.

khabar.kz