Елдің шығысындағы тұрғындарды ауа райы сергелдеңге салды

Бүгін таңертең құтқарушылар «Абай-Семей» және Тарбағатай ауданындағы тасжолдарды басып қалған қар құрсауынан бірқатар адамды құтқарды. Зардап шеккендер жоқ. 

Сондай-ақ Жарма ауданындағы «Шар-Бақыршық» бағытында да 30 автокөлік жолда қалған. Оларға да дер кезінде көмек көрсетіліп жатыр.

Амангелді Шегетаев, ШҚО ТЖД бастығы 

-Ақпарат келгеннен бастап ШҚО ТЖД қызметкерлері көмекке шығып, 26 адамды қасындағы Шалбай ауданындағы мектебіне көшіріп, сол жерге тамағын, суын апарып, жылы жерде тосып отыр. ШҚО жергілікті атқарушы органдары жолды тазалап жатыр. Тазалап болған соң Шалбай ауылындағы мектептегі кісілердің барлығын жолға шығарамыз.

khabar.kz