Түлкібас ауданында 2 дәрігерлік амбулатория мен көпқабатты тұрғын үй берілді

Келтемашат ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенде 5 мыңдай халық тұрады. Шалғай ауыл тұрғындары сапалы дәрігерлік көмекке де зәру еді.

Нысанды салуға облыс бюджетінен 158 млн теңге бөлінген. 25 адамға арналған амбулатория заманауи құрылғылармен жабдықталған, зертхана да бар. 

Дәл осы күні ауданда 96 отбасы қоныстойын тойлады. Жаңа пәтер кілтін соғыс ардагері, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар алды. 

«Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша тұрғызылған ғимаратқа отандық өнім қолданылған.

Гүлнәр Шотаева, Батыр ана

-Осы қуанышты күнді 12 жыл күттім. Көпбалалы анамын. 6 қыз 4 ұл өсіріп отырмын. Үлкен отбасымыз. Тұрмаған жеріміз қалған жоқ. Әркімнің үйін жалдап тұрдық. Кейбірінің жаны ашып тегін тұрғызды. Осындай қуанышты күнге жеттік, мінекей. Айтар алғысым шексіз.  

Табия Сапарова, дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері

-Бұрын тұрғындар биохимиялық қанның құрамын тексеру үшін аудандық ауруханаға барушы еді. Осыдан 35 шақырым жерге. Енді өзіміздің осы амбулаторияда толықтай тексеруден өте алады. 

khabar.kz