Ақмола облысында мал ұрлығы азаймай тұр

Екі күнде ұсталған ұры. Ақмола облысы Есіл ауданына қарасты Свободный ауылының тұрғыны сақшыларға қорадағы жылқысының жоғалғанын хабарлаған. 

Полицейлер ұрланған жылқыны 15 шақырымдағы көрші ауылдан тапты. Күдікті оны сол ауылда қасапшыларға сатып жібермек болған. Мал иесіне қайтарылды.

Ал 24 жастағы жігіт қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Жалпы былтыр 200-ден астам мал ұрлығы тіркелсе, оның 107-сі әшкереленіп, 1265 бас мал иелеріне қайтарылған. 

Гүлнәр Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы 

-Ұсталған жігіт сол Свободный ауылының тұрғыны болып шықты. Осыған дейін ол жәбірленушінің қолында жұмыс істеген екен. Ақмола облысы мал шаруашылығымен айналысатын аймақ болғандықтан бізде ондай қылмыстар көп болады. Бірақ полицейлер жедел әрекет еткенінің арқасында қолды болған малдың көбі табылып, өз иелеріне қайтарылып жатыр.

khabar.kz