Н.Назарбаевтың саяси үндеуі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланып, жан-жақты қолдауға ие болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салмағы сараланған саяси үндеуі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланып, жан-жақты қолдауға ие болды.

Бұл Елбасы жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» Манифесінің жалғасы іспетті. Сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттері арасында тұңғыш рет Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы еліміздің беделін айшықтайтыны анық. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді. 

Яғни саяси тұрақтылық пен бірегей бастамаларға халықаралық қауымдастық зор сенім артып отыр деген сөз. 

Күллі әлем елдері Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құру идеясын толықтай құптайды.

Ержан Ашықбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

-Біз өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сын тегеуіріндерге, қауіп-қатерлерге тиімді қарсы іс-қимыл жүргізуге, ортақ мүдделерін қорғауға ниеттіміз. Осы орайда әрине, ой толғандырып отырған мәселенің негізгісі – Ауғанстандағы мәселені бейбіт реттеу.

Санат Көшкімбаев, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары

-Бұл жерде көтерілген мәселелердің барлығы бүгінде әлем қауымдастығының назарында. Осы түйіткілдерді шеше отыра Қазақстанның экономикалық ұстанамы да, әлеуметтік бағыты да одан әрі оңтайлы шешіле түседі. Себебі еліміздің басымдық берген бағыты қауіпсіздік пен тұрақтылық екені баршаға аян.

 

khabar.kz