Әлем чемпионатына 48 команда қатысады

FIFA ресми түрде Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысушы командалар санын көбейтті.

Осылайша, 2026-шы жылдан бастап әлемдік Мундиальдің өту форматы өзгереді: 48 команда 16 топқа бөлінеді (әрқайсысында 3 команда). Әр топтан екі команда шығады. Плей-офф кезеңі 1/16 финалдан басталады. 

Сондай-ақ топтық кезеңде тең түскен командалар пенальти сериясына жүгінеді. 

Демек әлем чемпионатының ойындар саны 64-тен 80-ге дейін көбейеді. Жалпы жарыс 32 күн ішінде өтеді.

khabar.kz