Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» шарасы өтуде

Алматы облысында 100-ден астам қаңғыбас адамдар ұсталып, арнайы қабылдау орындарына тапсырылды. Оңтүстік өңірдегі бес ауданда «Құқықтық тәртіп» шарасы басталған болатын.

Оның мақсаты 28-ші Қысқы Универсиада қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Полиция қызметкерлері 25-ші қаңтарға дейін күшейтілген режимде жұмыс істеп, заң бұзушыларды құрықтайды.

khabar.kz