Тәулігіне шамамен мың адам Мосул қаласынан басы ауған жаққа қашып жатыр

Тәулігіне шамамен мың адам Ирактың Мосул қаласынан қашып шығып, басы ауған жаққа босып жатыр. Мұндай мәлімдемені Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі хабарлады.

Айтуынша, тұрғындардың жаппай көшуіне Мосулды азат ету операциясының күшейуі себеп болған. Оған қоса, қоян қолтық ұрыста жарақат алғандардың да саны күн санап өсіп жатыр. Өткен аптаның өзінде Мосул жанындағы Күрд жасағы басқаратын ауданның 700 тұрғыны ауруханға түскен. 

800-ден астамына медициналық көмек көрсетілді. 

Айта кетейік, Ирак әскері Мосулды азат етуге өткен жылдың күзінде кіріскен болатын. Содан бері содырлар үкімет жасағына тегеурінді қарсылық көрсетіп келеді. 

Дегенмен олар шаһардың шығысындағы бірнеше ауданнан шегінуге мәжбүр болды.

Ақпарат көзі: «Хабар24»

khabar.kz