Ақтөбе облысында 2016 жылы 72 өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды

Мәжіліс депутаттары Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту жөніндегі тәжірибесін Қазақстанның өзге аймақтарына енгізуді ұсынды.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының мұндай ұсыныстары облысқа жұмыс сапарымен болған кезде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевпен кездесу барысында айтылды.

Аймаққа сапары барысында депутаттар тұрғындармен бірнеше кездесулер өткізіп, облыстың бірқатар кәсіпорындары мен елді мекендерінде болды.

Облыс әкімімен кездесу барысында Мәжіліс депутаттары «Кооперация туралы» Заңның тиімді жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. 2016 жылы 72 өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Облыс басшылығы кооперативтерді техникалық жабдықтау мақсатында 13 рефрижератор, 13 сүт таситын көлік, 4 тіркемелі цистерна, 2 сүт қабылдау пунктін сатып алуға қаржы бөлінді. Бұл техникалар шикізат жинудың орталықтандырылған сапалы жүйесін қалыптастыруға және оларды өңдеуші кәсіпорындарға жеткізуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігі абарлағандай, Мәжіліс депутаты Дания Еспаева мұндай тәжірибені Қазақстанның өзге аймақтарына да енгізу қажет деп есептейді. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдаудың мұндай шарасы олармен өнім өндірудің көлемін арттыруға және одан әрі лайықты дамуына елеулі ықпал етеді. Кездесу барысында екі жақ бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Оның ішінде, «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бар. 

khabar.kz