Ақтөбеде әскерилерге ескерткіш тақта қойылды

Ақтөбеде былтыр лаңкестердің қолынан қаза тапқан әскерилерге ескерткіш тақта қойылды.

Майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берік Қалиев пен қатардағы жауынгер Сапар Досбол Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміне жасалған шабуыл кезінде көз жұмған. 

Мұздай қаруланған лаңкестер шаңқай түсте әскери бөлімнің қақпасын автобуспен қиратып, қару-жарақ қоймасына бет алған еді. Жауынгерлер олардың әрекетін тойтарды.

 

khabar.kz