Петропавлда су құбыры жарылды

Қақаған қыста Петропавл көшелері өзенге айналды. Облыс орталығында су құбыры жарылып, көлік кептелісі орнады. Апат түнгі сағат 22.30 кезінде орын алды.

Салдарынан ыстық су Интернеционал, Мағжан Жұмабаев және Евней Бөкетов көшелеріне жайылды. Қазір оқиға орнында 4 апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық қызметкерлер сарқыраған суды Есіл өзеніне ағызып жатыр. Болжам бойынша 800 миллиметрлік полиэтелен құбыры сыр берген. 

 

khabar.kz