Ұлттық ұланның ардагер қызметкерлері марапатталды

Ұлттық ұланның құрылғанына 25 жыл толуына орай Өскеменде сардарлар мен ардагерлер марапатталды.

Осы уақыт аралығында ішкі әскердің жеке құрамы өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап, ел қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз етуде аянбай еңбек етуде. 

Бұған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының үлгі боларлық ерен ерліктері дəлел. Ел іргесінің тыныштығына үлес қосқан 60-тан аса офицер марапатталды.

khabar.kz