Азаматтарды тіркеу туралы заң халық қауіпсіздігі үшін қабылданды

Жайылымдар туралы заң мал шаруашылығын өркендетуге жол ашады. Оны ескерген Сенаторлар бұл заңды былтыр бірінші оқылымда мақұлдаған.

«Онда негізінен 4 басты бағыт айқындалған. Елді мекендегі шаруаның жерді ұтымды пайдалануы да ескерілген», – дейді Қазығұрт ауданы тұрғындарымен жүздескен Сенат депутаты Әли Бектаев. Жиында сөз алған Бектас Бекназаров Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қабылданған Декларацияның бұқара үшін маңызды тұстарын жеткізді. «Қабылданған заңдар әуелі халыққа жұмыс жасау керек», – деді депутаттар. 

Ауыл ақсақалдары болса, жергілікті полиция қызметі мен қоғамдық кеңестер бірлесіп жұмыс жасап, елге еңбек сіңіріп жатқанына тоқталды. Тұрғындар Сенаторларға азаматтарды тіркеу заңы туралы көп сұрақ қойды. Депутат бұл заң әуелі халықтың қауіпсіздігі үшін қабылданғанын айтты.

khabar.kz