Әуежайдың Универсиада алдындағы дайындығы тексерілді

Өңірлерден жеткізілетін Универсиада алауының ұшақ бортындағы қауіпсіздігі көрсетілді. Әуе компаниясының мамандары алау сақтаушыларға техникалық талапты түсіндіріп, шыны сауытты жолаушылар орындығына қалай бекітуді үйретті.

Алауды тасымалдауға арналған шыны сауыттың өзі өрт жағдайынан толықтай оқшауланған. Арнайы құты осыған дейін Сочи Олимпиадасында пайдаланылған. Эстафета басталған күні әрбір алау сақшысына шыны сауыт беріліп, облыс орталықтарына жіберіледі. Сонымен қатар алауды тасымалдауға теміржол қызметі де атсалысуы мүмкін. 

Сергей Вьярд, Универсиада-2017 эстафета алауының техникалық маманы

-Алаудың тасымалдауға арналған шыны сауыт жезден жасалған. Әртүрлі соққыға шыдамды. Ал жанармайға арналған бөлік герметикпен қапталған. Тағы бір артықшылығы Шыны сауыттың қақпағынан ауа өткенмен өттың жалына өтпейді.

khabar.kz