Шымкенттік мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге береді

Шымкентте газ ауа қосындысы салдарынан орын алған оқыс оқиға салдары әлі де зерттелуде. Ал осы жағдайдан зардап шеккен отбасыларға облыстық және қалалық әкімдіктің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударады.

 

Қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы жеке есепшоттар ашылады. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары да барынша жан-жақты көмек көрсетуде. Далада қалған отбасыларды уақытша баспанамен қамту үшін әкімдік қаладағы 17-18 шағын ауданынан пәтер ұсынып отыр.

khabar.kz