Қуандық Бишімбаев ірі көлемде пара алған деген күдікпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстады.

Бишімбаев алдын ала келісім бойынша бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін қолға түсіріліп отыр. Ол қаржыны Бишімбаев жеке қажеттігіне жаратқан. 

Қазір Бишімбаев ҚР ҚПК 128-бабы бойынша Астана қаласындағы ІІД УҰИ-ға қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

khabar.kz