Сарапшылар: Өзбекстан қазіргі тұрақтылығы мен саясатын сақтап қалуға мүдделі

Қазір әлем назары Өзбекстанда. Әзірге, ел президенті Ислам Кәрімовтің хал-жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ.

Дегенмен, кейбір саяси топтар арасында Өзбекстанның билігіне талас басталып кеткені рас. 

Мәскеудің Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенко: «Билік басына кім келсе де, Өзбекстан қазіргі тұрақтылығы мен саясатын сақтап қалуға мүдделі», – дейді. 

Ал Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Ерлан Карин Фэйсбук парақшасында: «Билік өкілеттігінің қазіргі президенттің отбасы мүшелеріне берілуі екіталай, тіпті бұл сценарий іске аспайды деп сеніммен айтуға болады», – деген. Берлиннің «Ғылым мен саясат» қорының сарапшысы Уве Хальбах та билікке Ислам Кәрімов туыстарының бірі келетініне күмәнмен қарайды. 

Ол тізгінді премьер-министр Шавкат Мирзиеев немесе вице-премьер Рустам Азимов алуы мүмкін деген пайымда.  

 

khabar.kz