Ядролық қарусыздану тарихында Қазақстанның қолтаңбасы бар

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атануы – Қазақстанның сындарлы саясатына берілген халықаралық баға.

Нью-Йоркте өткен арнайы жиында Ұйымның Бас Ассамблеясының президенті Могенс ЛюккеТофт осылай деді.  

Жиында еліміздің ядролық қарудан бас тарту бастамасына ерекше тоқталып, Пан Ги Мунның арнайы үндеуі оқылды.  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Семей полигонының жабылғанына биыл 25 жыл толғанын тілге тиек етіп, әлем жұртын жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуға кезекті рет шақырып отыр.  

Могенс Люккетофт, БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті

-Бүкіләлемдік қарусыздану мен ядролық сынақтарды тоқтату бастамасын көтеруде Қазақстанның қосқан үлесі зор. Сіздің ел өз шекарасындағы ядролық қарудан бас тарту арқылы бүкіл әлемге үлгі көрсетті. Алғаш рет БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше болғандырыңызбен құттықтаймын. 

khabar.kz